Д.Манапқызының диссертациясын алдын ала қорғауы

29 қараша, 2024

2024 жылғы 29 қарашасында «8D05104 - Генетика» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Манапқызы Диана «Тірі жасушаларда тимин-ДНҚ гликозилаза (TDG) бастаған эксцизиялық репарацияның аберрантты жолын зерттеу» тақырыбында диссертациясын алдын ала қорғады.

Диссертацияда негіздердің эксцизиялық репарациясы (BER) жолында шешуші рөл атқаратын фермент тимин ДНҚ гликозилаза (TDG) бастаған ДНҚ репарациясының аберрантты жолының молекулалық механизмдері зерттеледі. Зерттеу барысында TDG-нің белсенділігін модельді ДНҚ зақымдарына қатысты биохимиялық және генетикалық тұрғыдан in vitro және in vivo жағдайында бағалау жүргізілді. Зерттеу нәтижелері TDG ферментінің белсенділігінің молекулалық механизмдерін, оның геном тұрақтылығын сақтау, гендердің экспрессиясын реттеу және эпигенетикалық модификацияларға қатысу рөлін терең түсінуге айтарлықтай үлес қосады. Бұл мәліметтер BER бұзылыстарымен байланысты ауруларды, соның ішінде нейродегенеративті және онкологиялық патологияларды емдеуге арналған жаңа терапиялық тәсілдерді әзірлеуге, сондай-ақ TDG ингибиторларын жасауға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде, қатерлі ісікке қарсы терапияның жаңа стратегияларын дамытуға негіз бола алады.

Диссертациялық жұмыс сонымен қатар 3 «Денсаулық пен әл-ауқат» тұрақты даму мақсатының (ТМД) аспектілерін қарастырады.

 

Молекулалық биология және генетика кафедрасы