«Генетика: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты Халықаралық дөңгелек үстел

29 қараша, 2024

2024 жылы 29 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің молекулалық биология және генетика кафедрасының 85 жылдығы мен университеттің 90 жылдығына арналған «Генетика: тарихы, бүгіні мен болашағы» атты Халықаралық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға жетекші ғалымдар, профессорлар, студенттер және халықаралық ғылыми ұйымдардың өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге молекулалық биология және генетика кафедрасының ұжымы, Генетика және физиология институты (Алматы), Өсімдіктер биологиясы және биотехнологиясы институты (Алматы), Қазақ мал шаруашылығы және азық өндірісі ғылыми-зерттеу институтының (Алматы), Густав Русси институтының (Париж, Франция) және Н.И. Вавилов атындағы Жалпы генетика институтының (Мәскеу, Ресей) өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелдің басты мақсаты – генетика мен молекулалық биологияның тарихын, қазіргі жетістіктері мен даму перспективаларын талқылау, халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту және ғылымды насихаттау болды.

Дөңгелек үстел барысында генетика мен молекулалық биологияның даму тарихы, осы ғылым саласындағы заманауи жетістіктер және олардың қолдану мүмкіндіктері талқыланды. Қатысушылар геномдық деректерді талдауға арналған биоинформатикалық құралдарды қолдану, пестицидтердің халықтың генетикалық жағдайына әсері және күрделі ДНҚ зақымдануларындағы эксцизиялық репарацияның бұзылған жолдары туралы баяндамалар жасады. Халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамыту және зерттеушілер арасындағы тәжірибе алмасу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар одан әрі ынтымақтастықты дамытуға келісті.

Дөңгелек үстелде қарастырылған мәселелер Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) бірнеше бағытына сәйкес келді, атап айтқанда: ТДМ 3 «Денсаулық және амандық», ТДМ 4 «Сапалы білім», және ТДМ 17 «Тұрақты даму үшін серіктестік».

Қатысушылар генетика мен молекулалық биология саласындағы зерттеулердің ғылымның дамуына және қоғам өміріндегі маңыздылығына ерекше назар аударды.

 

Дөңгелек үстел ұйымдастырушылары: Жунусбаева Ж.К., Қуанбай Ә.Қ., Ловинская А.В.