- Басты бет
- Жаңалықтар
- Ғылыми-қор жұмысын ұйымдастыру: Ә.Қастеев атындағы өнер музейімен тәжірибе алмасу
Ғылыми-қор жұмысын ұйымдастыру: Ә.Қастеев атындағы өнер музейімен тәжірибе алмасу
Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №17 "Мақсатқа қол жеткізу үшін ынтымақтастық" бағыты аясында Әбіш Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің қызметкерлері әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Тарих факультеті, Археология, этнология және музеология кафедрасында ғылыми тағылымдама және ғылыми біліктіліктен өтіп жатыр.
Тағылымдама барысында Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер музейінің директордың ғылыми істер жөніндегі орынбасары С.Ж. Көпжанованың жетекшілігімен "Ғылыми-қор жұмысын қалыптастыру және ұйымдастыру" тақырыбында тәжірибе алмасу өтті. Бұл іс-шараның негізгі мақсаты музейдегі ғылыми-қор жұмысының сапасын арттыру және оның тиімділігін қамтамасыз ету болды.
С.Ж. Көпжанова өз дәрісінде музей қорындағы жәдігерлерді дұрыс сақтау, жүйелеу және оларды зерттеу жолындағы негізгі қағидаттар мен тәсілдер туралы баяндады. Сонымен қатар, музей қорларын басқару және оларды ғылыми айналымға енгізу мәселелері талқыланды. Жәдігерлерді сандық форматқа көшіру, олардың деректерін жүйелеу және қоғамға қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша заманауи әдістер мен технологиялар қолдану туралы ақпарат берілді.
Тәжірибе алмасу барысында музей қызметкерлері ғылыми-қор жұмысының барлық кезеңдерін, оның ішінде жәдігерлерді каталогтау, құжаттау, сақтау және зерттеуді тереңірек меңгеру мүмкіндігіне ие болды. Бұл тағылымдама музей қызметкерлеріне өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіруге, музей қорын сақтауда жаңа тәсілдерді қолдануға және мәдени мұраны насихаттауда үлкен үлес қосуға мүмкіндік берді.