«85 жылдық жетістік: жаңа белестерге жол» атты ашық тәрбиелік іс-шара өткізілді.

28 қараша, 2024

2024 жылдың 28 қарашасында университетіміздің «Педагогика және білімберу менеджменті» кафедрасының  85 жылдық мерейтойы қарсаңында кафедра доценті Б.Иманбекова, М. Мурзагулованың ұйымдастыруымен  «85 жылдық жетістік: жаңа белестерге жол» атты ашық тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс- шара – отандық педагогика ғылымының дамуына үлес қосқан кафедра ғалымдарының өнегеге толы өмір жолдарын үлгі ете отырып, студенттерді   педагогика кафедрасының бай даму тарихымен тереңірек  таныстыру,  университет қабырғасында   мамандарды кәсіби даярлаудағы   рөлін көрсету,  болашақ мамандықтарына деген құрмет сезімдерін  қалыптастыру мақсатын көздеді.   Сонымен қатар, іс-шара барысында  студенттермен   кафедра ғалымдарының  ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері негізінде педагогика және білім берудегі  менеджменттің  қазіргі тенденциялары мен болашағы  қызу талданды.  Іс-шара барысындағы студенттердің белсенділіктері мен қисынды  тұжырымдарынан аға ұрпақтың ғылыми педагогикаға сіңірген еңбектерінің олар үшін құндылығы мен ұрпақтар сабақтастығының үзілмейтіндігі айқын аңғарылды.