ҚазҰУ-дың Қытай ЖОО-ларымен әріптестік байланысы артады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне Қытайдағы Цзилинь қаржы және экономика университетінің вице-президенті Ван Цзинхуа бастаған делегация жұмыс сапарымен келді.
Құрметті қонақтармен ҚазҰУ Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор м.а. Еркін Дүйсенов кездесу өткізді.
Тараптар серіктестікті нығайтуға, білім мен ғылым саласындағы байланыстарды тереңдетуге баса мән бере отырып, екі университет арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын жан-жақты талқылады.
Жүздесу барысында проректор ҚазҰУ мен Цзилинь қаржы және экономика университетінің тығыз байланыстары бүгінде екі жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастықтың тереңдей түсуіне негіз болғанын атап өтті.
Өз кезегінде Ван Цзинхуа қос университет арасындағы әріптестік байланысты одан әрі жандандыру қажет екенін жеткізді.
Тараптар кездесу соңында алдағы уақытта жүзеге асырылатын жобалар мен бастамаларды талқылап, естелік сыйлықтармен алмасты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

