«Қазіргі қытай ғаламтор әдебиетінің дамуы» атты тақырыбында ғылыми семинар өтті

3 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 29 қарашасында аударманы дамыту және аударма ісі мамандарын жоғары деңгейде сапалы дайындау мақсатында аудармашы,  қытайтану кафедрасының аға оқытушысы Абдырақын Нұрхалық пен аға оқытушы Бисенбаева Әсел бірігіп «Қазіргі қытай ғаламтор әдебиетінің дамуы» атты тақырыбында ғылыми семинар өткізді. Дөңгелек үстелге қытайтану кафедрасының оқытушылары мен студенттері қатысты. Семинар барысында, қазіргі қытай әдебиетінің даму тенденциялары жан-жақты қарастырылып, қазіргі таңда қытайда аты жер жарып тұрған үш жазушының шығармасына талдау жасалды. Семинар соңында студенттер қытай әдебиеті бойынша көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алды.