Жаңа фильм 90 жылдыққа тартуFarabi University

Жаңа фильм 90 жылдыққа тарту

25 қараша, 2024

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің 90 жылдық мерейтойына орай, жур­на­листика факультетінің 3-курс студенттері үш бө­лімді «FARABI – 90» атты деректі фильм ұсын­бақ.

Фильмнің мақсаты – 90 жыл­­­дық тарихы бар қара ша­ңы­рағымызды еліміздің білім-ғы­лым, алғашқы оқy-ағартy са­ла­сының қалыптасyы мен дамy кезеңдерінің кyәгері ре­тін­де көрсетіп, ғасырға жуық уа­қыт­ты еңсерген оқу орда­сы­ның әр жетістігін мақтанышпен жеткізу.

Бірінші және екінші бөлімде университеттің белгілі ғалым­да­ры мен ұлағатты ұс­таз­да­ры­ның еңбегін, жалынды студент жастарының білім-ғылымға деген құштарлықтары мен із­де­німпаздығын, қоғамның іл­гері қадам басуы үшін істеп жат­қан белсенділіктерін көр­сетеді.

Ал үшінші бөлім универси­тет­тегі ең іргелі – журналистика факультетіне арналған. Әр оқи­ға, айтылған сөз бен бей­не­лер, есімдер тарихта қала­ты­ны белгілі. Мақсат – қасиетті қара шаңырақтың өніп-өсуіне, көркеюіне өз үлесін қосқан жандардың есімін ардақтау. Фильмде журналистика фа­куль­тетінің тарихынан бөлек, ең алғашқы декандар мен оқы­тушылар, олардың ғылыми ең­бектері көрсетіледі. Сондай-ақ бүгінде білім беріп жүрген ұлағатты ұстаздар фильмнің басты кейіпкерлері ретінде көрініс табады.

Аталмыш бөлімдердің бір-біріне ұқсамауын, өз бетте­рін­ше даралануын қадағалап, түр­­­лі бағытта түсірілуде. Бү­гінде журналистика факуль­те­тінің студенттерінен құралған шығармашылық топ қызу да­йын­дық үстінде. Мамандық пен бі­лімге деген құштарлықты бір арнаға тоғыстырып, білім ор­да­ларының дамуына өз үлес­­те­рін қосқысы келетін сту­дент­тер­дің жұмыстары сәт­ті шы­­­ғатынына ешкім де дау ту­ды­ра алмайды.

– Осы жаңа оқу жылынан бастап «Сценарий жазу ше­бер­лігі» пәні бойынша сабақ бе­ріп келемін. Студенттер дә­ріс тыңдап, тәжірибелік сабақ­тар­да сценарий жазу құпия­ла­рын үйренуде. Сондықтан оның нәтижесі ретінде фильм жа­сау туралы тапсырма берген бо­латынбыз. Әрине, бұл – эфир­лік емес, тәжірибелік туын­­ды. Кейін олар оқуды бі­тір­генде те­лесценарийдің әліп­­песін біледі, дайын бо­лады, – дейді жоба жетекшісі, Бас­пасөз және элек­тронды БАҚ кафедра­сы­ның оқы­ту­шы­сы Иманбай Жұбай.

Дана САДЫРҚАН,

журналистика факультетінің

3-курс студенті