Желаяқ Қосановпен бірге жаттыққан түлекFarabi University

Желаяқ Қосановпен бірге жаттыққан түлек

25 қараша, 2024

Өткен ғасырдың 70-жылдарында С.М.Киров атын­дағы Қазақ мемлекеттік университетінде білім алған, жеңіл атлетикадан бес жыл университеттің, үш жыл қатарынан Алматы қаласының чемпионы болып қара шаңырақтың абыройын асқақтатып, туын жел­бі­рет­кен Тоқтархан Тезекбаев бір кездерде өзі түлеп ұшқан оқу орнының басшылығын, ғалымдарын, ұстаздарын, студенттерін 90 жылдық мерейтойымен төл газеттері арқылы құттықтау үшін Өскемен қаласынан редак­ция­мызға арнайы келіпті. 

– Өзім оқыған оқу орны­ның қандай да болсын жетіс­тік­терін мақтан тұтамын. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университеті сапалы білім беруде, жоғары білікті мамандар даярлау ісінде қашанда алда, білім беру саласында ғылыми-зерт­теу­лер жүргізуде де әрдайым көш басында келеді. Қазақ ұлт­тық университетінің бар­ша ұжымын 90 жылдық ме­рейтойымен шын жүректен құт­тықтай отырып, уни­вер­си­тет профессорлары мен оқытушыларына аса жауапты студенттерге сапалы білім, саналы тәрбие беру жо­лын­дағы еңбектеріңізге толағай та­быс және ғылыми жетіс­тік­тер тілеймін! – дейді уни­вер­си­тетіміздің түлегі, зей­нет­кер Тоқтархан Тезекбаев.

Тоқтархан аға 1972-79 жыл­дары тарих факуль­те­тін­де этнография маман­ды­ғы бойынша оқыпты. Бала ке­зінен спортқа бейім болып, жеңіл атлетикадан ауданда алдына жан салмайтын бол­ған. Сол жылдары оны сту­дент­­тердің «Буре­вест­ник» спорт қоғамында жеңіл ат­ле­тикадан үлкен спортқа да­йын­­даған екен. 1975 жылы КСРО универсиадасына, 1976 жылы Орта Азия және Қазақстан чемпионатына қа­тысып, жүлделі орын­дарды же­ңіп алған. Спорттағы же­тіс­тіктері үшін Қазақстан БЛКЖО ОК Құрмет гра­мо­тасымен, университет ком­со­мол комитетінің бірнеше гра­мотасымен, ҚазМУ рек­то­ры Ө.Жолдасбековтің ал­ғыс хатымен марапатталған. Университетте оқыған жыл­дары «Желаяқ» деген атпен та­нымал болған.

– Университетімізден  мық­­ты спортшылар көп шық­ты, – деп еске алады Тоқтар­хан Тезекбаев. – Мен 400, 800, 1500 метрлік қашық­тық­қа жүгірдім. Бізді Қазақстан­ның жеңіл атлетикасына ең­бегі сіңген тренер Геннадий Дорофеевич Иванов жат­тық­тырды. Университеттік ко­ман­дада Владимир Волков, Фазыл Қалиев, Владимир Богданчиков, Сергей Тара­нен­ко, аты аңызға айналған қа­зақстандық желаяқ, олим­пиаданың күміс жүлдегері Ғұсман Қосановтармен бірге жаттығып, батасын алдым. Ыстықкөлдің жағасында жа­тып та үлкен жарыстарға да­йын­далатынбыз. ҚазМУ аты­нан КСРО бойынша сту­денттер арасындағы жа­рыс­тарға жиі шығатынбыз. Уни­верситет командасы құ­ра­­мында Ташкент, Тби­ли­си, Донецк, Винница қала­ла­рын­да өткен студенттер ара­сындағы ойындарға қа­тыс­тым. Сол кездерде «КСРО спорт шеберлігіне кандидат» деген спорттық дәрежеге жеттім. Қазір жасым жетпіске келсе де қалалық жарыс­тар­ға қатысып, жүлделі орын­дар­ға қол жеткізіп жүрмін. Бұл да студенттік өмірден алған тәжірибелерімнің бірі деп ойлаймын. Студенттерге айтарым, спорт деген – үлкен әлем, денсаулықтың кепілі, сондықтан оған үнемі уақыт бөліп, жас кездеріңде ынта қою керек.

Қайыржан

ТӨРЕЖАН