Жастар саясатындағы студенттердің рөлі
Қарашаның 26 күні география және табиғатты пайдалану факультеті рекреациялық география және туризм кафедрасының 3 курс студенттері куратор Ақмарал Сапиеваның жетекшілігімен «Жастар саясатындағы студенттердің рөлі» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді. Сабақ жастардың саясатқа қатысу деңгейінің артқанын, жастар ұйымдарының қоғамдағы рөлінің кеңейгенін көрсетті. Студенттер қоғамдық өзгерістерге ықпал етудің және саясатқа қатысудың маңызды құралдарын меңгеріп, өздерінің көшбасшылық қасиеттерін дамытуды жалғастыруда. Олар ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтуда, демократияны қалыптастыруда, елдің әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды қызмет атқаруда.
Бұл сабақ студенттерге жастардың саяси өмірде белсенді болуына мүмкіндік беретін барлық жағдайлар мен ресурстарды тиімді пайдалану қажеттілігін ұғындырды. Алдағы уақытта жастардың өзекті мәселелеріне назар аударып, оларды шешуге бағытталған шаралар ұйымдастыру маңызды.