- Басты бет
- Жаңалықтар
- Қазақстан Транскаспий бағытындағы ұстанымын нығайтуда: ХҚ және ӘЭ кафедрасы оқытушыларының Азербайжан Республикасы, Баку қаласында орналасқан STEM талдау орталығына іссапары
Қазақстан Транскаспий бағытындағы ұстанымын нығайтуда: ХҚ және ӘЭ кафедрасы оқытушыларының Азербайжан Республикасы, Баку қаласында орналасқан STEM талдау орталығына іссапары
2024 жылғы 23-26 қараша аралығында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылары Г.А. Апсаттарова, Н.Н. Сұлтанмұратов, С. М. Парпиев және А. Мұхаметжан Баку қаласында орналасқан STEM талдау орталығына іссапармен барды. Сапардың негізгі мақсаты 2024-2026 жылдарға арналған Қазақстанның ұлттық мүдделері үшін Транскаспий маршрутының сын-қатерлері мен мүмкіндіктерін талдау, сондай-ақ ғылыми-сараптамалық ынтымақтастықты нығайту болды.
Іссапар шеңберінде делегация Әзербайжанның порт инфрақұрылымының негізгі объектілері мен логистикалық тораптарына инспекция жүргізді. Олардың халықаралық көлік ағындарын қамтамасыз етудегі рөліне және Қазақстанның көлік жүйесімен ықпалдасу әлеуетіне ерекше назар аударылды.
STEM талдау орталығындағы жұмыс Транскаспий бағытын жаңғырту мен цифрландыруға арналған дөңгелек үстелдер мен пікірталастарды қамтыды. Қазақстандық тарап оны дамытудың ұлттық стратегиясын ұсынды, сондай-ақ аймақтың жетекші сарапшыларымен маршруттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оны халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялау және бірлескен ғылыми зерттеулердің перспективалары мәселелерін талқылады.
Сапар қорытындысы бойынша Транскаспий маршрутының негізгі буыны ретінде Қазақстанның рөлін күшейту үшін ұсынымдар әзірленді. Бұдан басқа, бірлескен ғылыми журнал шығаруды қоса алғанда, бірлескен білім беру және ғылыми жобаларды іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді.
Бакуге іссапар халықаралық ынтымақтастықты нығайту, ғылыми белсенділікті арттыру және Қазақстанның көлік логистикасы мен аймақтық даму саласындағы стратегиялық мүдделерін іске асыру жолындағы маңызды қадам болды.