Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушыларының Баку мемлекеттік университетіне сапары

3 желтоқсан, 2024

2024 жылғы 23-26 қараша аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасының оқытушылары Г.А. Апсаттарова, Н.Н. Сұлтанмұратов, С. М. Парпиев және А. Мухаметжан Әзербайжан Республикасының Баку мемлекеттік университетіне жұмыс сапарымен барды.
 

Сапар аясында университет басшылығымен, оның ішінде халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры және халықаралық қатынастар факультетінің деканымен кездесу өтті. Келіссөздер барысында тараптар академиялық өзара іс-қимылды нығайту мәселелерін талқылап, бірлескен білім беру бастамаларын іске асыру туралы уағдаласты.

Негізгі келісімдердің арасында:

- Студенттік және оқытушылық алмасу бағдарламаларын әзірлеу.

- Қосдипломдық білім беру бағдарламаларын құру.

- Бірлескен ғылыми зерттеулер мен жарияланымдарды ұйымдастыру.

- Халықаралық қатынастар мен әлемдік экономиканың өзекті мәселелеріне арналған жыл сайынғы халықаралық конференциялар өткізу сияқты келісімдер талқыланды.

Бұл сапар ҚазҰУ-дың халықаралық аренадағы позициясын нығайта отырып, Қазақстан мен Әзербайжан арасында берік академиялық және ғылыми байланыстар құру жолындағы маңызды қадам болды. Университеттер арасындағы ынтымақтастық академиялық байланыстардың дамуына ықпал етіп қана қоймай, жаһандану мен интеграция жағдайында міндеттерді тиімді шеше алатын мамандарды даярлау үшін негіз қалыптастырады.

Аймақтың екі жетекші университеттері арасындағы ғылыми диалогты нығайту білім беру және мәдени алмасу үшін, сондай-ақ Транскаспий өңірі шеңберінде бірыңғай ғылыми кеңістікті қалыптастыру үшін жаңа көкжиектер ашады.