Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті Р.К. Рахметуллаева қазақ бөлімінің «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» білім беру бағдарламасының (БББ) 103 тобымен және «Химия» БББ 101 тобымен сапалы білім беруді (4.3.3 - Үздіксіз білім алу үшін кәсіптік оқыту қызметі) және тұрақты қалалар мен елді мекендер (11.2.6 - Мәдени мұраны есепке алу және сақтау) тұрақты дамыту мақсаттарын жүзеге асыру барысында «Менің тәуелсіз елім!» тақырыбында іс-шаралар өткізді. Іс-шара барысында студенттер еліміздің тәуелсіздік тарихымен, дамудың негізгі кезеңдерімен және жетістіктерімен танысты. Патриотизм, ұлттық дәстүрлерді сақтау маңыздылығы және жастардың Қазақстанның болашағына қосар үлесі туралы талқылаулар болды. Презентациялар дайындалып, ел тарихы бойынша пікірталас пен викторина ұйымдастырылды. Іс-шара жылы әрі танымдық атмосферада өтіп, азаматтық жауапкершілікті арттыруға және мәдени мұраға деген қызығушылықты дамытуға ықпал етті.