- Басты бет
- Жаңалықтар
- «International Olympiad in Electrochemical Material Science» атты 4-ші Халықаралық Электрохимия Олимпиадасы
«International Olympiad in Electrochemical Material Science» атты 4-ші Халықаралық Электрохимия Олимпиадасы
2024 жылғы 19 қарашада «International Olympiad in Electrochemical Material Science» атты 4-ші Халықаралық Электрохимия Олимпиадасы өткізілді. Олимпиаданы ұйымдастырушы және демеуші ретінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің «Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасы» мен аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасы атқарды. Бұл іс-шара 4-ші ТДМ (Тұрақты Даму Мақсаты) Сапалы білім беру аясында (4.3.2. Қоғамдық іс-шаралар: өмір бойы білім алу) ұйымдастырылды.
Олимпиада онлайн форматта (практикалық) өтті. Командалар өздерінің зертханаларындағы жұмыс үстеліне камера орнатты, бұл әдіс арқылы қазылар алқасы қатысушылардың жұмыс процесін бақылады. Қатысушылар олимпиада аяқталған соң 3 сағат ішінде ағылшын тілінде электрондық нұсқада орындалған тапсырмалардың есебін тапсыруы керек болды. Ұсынылған есептер қазылар алқасы тарапынан мұқият талданып, бағаланды. Олимпиаданы ұйымдастыруға және қазылар алқасының құрамында келесі елдердің өкілдері қатысты:
1) PhD, Мальчик Федор Игоревич – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
2) Dr. Netanel Shpigel – Ariel University, Израиль;
3) PhD, Xuexue Pan – South China Normal University, Қытай;
4) Prof. Thierry Jenizian – Ecole Nationale Supérieure des Mines de Saint-Etienne, Франция;
5) Докторант Жигаленок Ярослав Святославович – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ;
6) Докторант Әбдімомын Сәкен Қынабекұлы – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ.
Олимпиаданың жүлде қоры 1500 еуроны құрады, бұл қаржыны «Электрохимиялық өндіріс технологиялары зертханасы» демеуші болды.
Олимпиадаға 8 елдің 13 университетінен 17 команда қатысты. 21 қарашада олимпиада тапсырмаларын талқылау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өткізілді.
Олимпиаданың жүлдегерлері:
1) Ionic incompetence – TU Delft, Нидерланды;
2) Charged Champions – Graz University of Technology, Австрия;
3) Mandleria – Hebrew University of Jerusalem, Израиль.