Н.Торманов, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры: Бірлік пен тірлік қажет
Елбасы өз Жолдауында қазіргі заманның беталысына, аса күрделі кезеңге аяқ басып жатқандығына назар аудара отырып, алпауыт елдердің арасындағы текетіреске түсіп, бір-бірінің экономикасына санкция салып, дүниені тұйыққа тіреуге душар етіп отырғандығын айтты.
Осындай қиын-қыстау кезеңдерден аман-есен өту жолдарына тоқталып, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуімізді айтты. Ол үшін, - деді Президент. - Біріміз - бәріміз үшін, бәріміз - біріміз үшін деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Бүгін көп мәселелер біздің өзімізге байланысты. Біз өркендеудің қазақстандық жолын және Мәңгілік ел идеясын бастадық, біздің ұзақ мерзімге, ортамерзімге және жақын болашаққа арналған стратегиялық жоспарларымызды іске асыру» керектігін баяндады.
Сонымен бірге Президент Н.Ә.Назарбаев соңғы жылдардағы халық тұрмысының, денсаулығының түзілуінен, санның өсуінің нәтижесінде, қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа жеткендігі де қуантарлық жағдай екендігін атап айтты.
Мемлекетіміз қандай қиын жағдай туындағанмен де, халықтың әлеуметтік жағдайына аса зор көңіл бөліп, шашау шығармай орындауда. Оның дәлелі қазіргі болып жатқан әлемдік қиындыққа қара-май, 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап халықтың әлеуметтік күйін жақ-сартуға тағы да жағдай жасауды Үкіметке тапсырды. Жаңа әлеуметтік саясат әлеуметтік жағынан тұрмысы нашар азаматтарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетуді ұсынды.
Ең қуантарлық жайт, яғни білім саласында еңбек етушілер үшін білім беру және денсаулық саласына жаңа өзгерістер жасауды нақты көрсетті. 2017 жылдан бастап «Кәсіби-техникалық» білім беруді барлығына бірдей ақысыз дайындау жобасын бастау керек екендігін айтты.
«Қазақ халқы өзінің тарихында бұдан да қиын замандарды басы-нан өткізген, сондықтан қазіргі кездегі қиындықты да оңай жеңуімізге болады» деді. Ол үшін ең бастысы, ауызбіршілік, аянбай еңбек етсек болғаны.