Республикалық Сәтбаев олимпиадасы

2 қараша, 2024

Аналитикалық, коллоидтых химия және сирек элементтер кафедрасының оқытушылары Бахытжан Елдана және Джуманова Райгуль 28.10-01.11.2024 аралығында Жезқазған қаласында химия пәнінен өткізілген Республикалық Сәтбаев олимпиадасында қазылар алқасы құрамында жас таланттарды қолдап, олардың дамуына үлес қосты. Бұл маңызды іс-шараны Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 — «Сапалы білім» аясында қарастыруға болады, себебі ол оқушылардың ғылыми әлеуетін дамытуға және сапалы әрі қолжетімді білімді қолдауға бағытталған.

Олимпиада аясында кәсіби бағдар беру іс-шаралары өтті: мектеп оқушылары мамандық таңдау бойынша пайдалы кеңестер алып, ғылым мен технология саласындағы өзекті бағыттар туралы білді. Сонымен қатар, олар болашақ білім алу мен зерттеулерге шабыттандырылды.

Мұндай іс-шаралар талантты жастарды анықтап, қолдау көрсетуде, сондай-ақ олардың ғылым мен білімге деген қызығушылығын қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Біздің оқытушылардың болашақ ұрпақты дамытуға қосқан үлесімен мақтанамыз!