Академиялық ұтқырлық бойынша Халықаралық Қысқы мектеп

15 қараша, 2024

14.11.2024 жылы, химия және химиялық технология факультеті, аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының ұйымдастыруымен шақырылған шетелдік профессорлардың Thierry Djenizian (Ecole Nationale Superieure des Mines de Saint-Etienne, France) және Vardan Galstyan (Institute of Materials for Electronics and Magnetism, National Research Council of Italy (CNR-IMEM), Italy) қатысуымен Академиялық ұтқырлық бойынша Халықаралық Қысқы мектеп өткізілді. Бұл бірегей іс-шара білім алмасуға, ғылыми байланыстарды нығайтуға және студенттердің кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға бағытталды.

Қысқы мектеп Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) №4 — «Сапалы білім» және №17 — «Серіктестік мақсаттарға қол жеткізу үшін» аясында өткізілді. Іс-шара халықаралық серіктестікті нығайтуға, сапалы білімге қолжетімділікті кеңейтуге және студенттер мен оқытушылардың жаһандық білім беру кеңістігіне интеграциялануына ықпал етеді.

Қысқы мектеп барысында студенттер мен оқытушылар шетелдік профессорлардан құнды тәжірибе алып, өздерінің академиялық және ғылыми әлеуетін арттырды. Мектеп бағдарламасы дәрістер, шеберлік сабақтары және халықаралық командалардағы жобалық жұмыстарды қамтыды.

Осындай іс-шаралар университетімізді әлемдік білім беру кеңістігінде белсенді ойыншы ретінде танытып, тұрақты дамуға үлес қосатынын мақтан етеміз!