«Smart Energy Week» халықаралық көрмесі
2024 жылдың 20-22 қарашасы аралығында Жапонияның Осака қаласында өткен «Smart Energy Week» халықаралық көрмесіне әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың химия және химиялық технология факультетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасының оқытушылары Исмаилова Ақмарал Ғазизовна мен Ақанова Гүлсара Жақашқызы қатысты. Көрмеде әртүрлі елдердің университеттері мен қызығушылық танытқан өндірістік компаниялар кеңінен таныстырылды. Осака университетімен және Корея әйелдер университетімен ынтымақтастық туралы келісімдерге қол жеткізілді. Біздің оқытушыларымыздың осындай жоғары деңгейдегі іс-шараларға қатысуы Тұрақты даму мақсаттарының (ТДМ) 17 — «Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін серіктестік» (17.2.4 Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің үздік тәжірибелері бойынша ынтымақтастық) бағытына өз үлесін қосады.