Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы

5 қазан, 2024

Органикалық заттар, табиғи қосылыстар және полимерлер химиясы және технологиясы кафедрасының доценті А.К. Тоқтабаев «6В07201 – Фармацевтикалық өндіріс технологиясы» мамандығының қазақ бөлімінің 303-304 топтарымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ химия және химиялық технология факультетінің оқытушыларын сапалы білім беру (4.3.3 – Кәсіптік оқыту қызметі өмір бойы білім алу) тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру барысында құттықтады. Шара барысында оқушылар ұстаздарға еңбектеріне табыс, зерделі, ізденімпаз оқушыларға, еңбектері барынша қуаныш, денсаулық, бақыт, отбасылық амандық, шексіз қуат пен оптимизм әкелсін деп тіледі.