
2024 жылы 6 желтоқсан күні сағат 10:00-де Шығыстану факультетінде Ливан Республикасы Триполи университетінің ректорымен кездесу өтеді. Сапар барысында Триполи университетінің ректоры Шығыстану факультетінің деканы Ем Н.Б. қабылдауында болып, екі университет арасындағы ғылым, білім беру саласындағы тәжірибе алмасу мәселелері мен бірлескен зерттеу мүмкіндіктерін саралайтын болады. Сондай-ақ, арабтану бөлімінің оқытушы-профессорлары және студенттерімен кездесіп, араб тілінің оқытылу мүмкіндіктері туралы пікір алмасатын болады.
Өтетін орны: Шығыстану факультеті, 432-ауд.
Басқа жаңалықтар

18 сәуір, 2025

18 сәуір, 2025