- Басты бет
- Жаңалықтар
- Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында «Жапонияның БАҚ тілі» атты жаңа оқу құралы жарық көрді
Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс кафедрасында «Жапонияның БАҚ тілі» атты жаңа оқу құралы жарық көрді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті, Қиыр Шығыс кафедрасының аға оқытушысы А.Е. Ахапов пен оқытушысы М.А. Мошқалдың жапон БАҚ тілін зерттеуге арналған «Жапонияның БАҚ тілі» атты жаңа оқу құралы «Қазақ Университеті» баспасынан жарық көрді. Ол «Шығыстану» оқу бағдарламасы бойынша «Оқитын шығыс елінің БАҚ тілі» пәніне енгізілді.
Оқу құралында қазіргі Жапонияның газет-журналдары, теледидары, радиосы және әлеуметтік желілерінің ерекшеліктері сипатталып, жапон баспасөзінің құрылымы мен қызметі жан-жақты талданған. Сондай-ақ, жапон тіліндегі БАҚ материалдарын аударудың әдістемелік нұсқаулықтары мен теле-радио хабарларын таратудың ерекшеліктері қарастырылған.
Авторлар студенттердің тілдік және мәдени біліктілігін арттыру мақсатында нақты мысалдар мен практикалық тапсырмалар енгізген. «Жапонияның БАҚ тілі» атты еңбек жапон тілін меңгеру барысындағы студенттер мен медиа саласындағы мамандарға арналған бірегей оқу құралы болып табылады.
Оқу құралы жоғары оқу орындарының студенттеріне, жапон мәдениеті мен тілін зерттеуші мамандарға және жапон БАҚ-ына қызығушылық танытқан кең аудиторияға арналған.