- Басты бет
- Жаңалықтар
- ТДМ 12: Жауапты өндіріс және тұтыну. Ауыл шаруашылығындағы органикалық егіншілік
ТДМ 12: Жауапты өндіріс және тұтыну. Ауыл шаруашылығындағы органикалық егіншілік

2024 жылғы 2 желтоқсанда сағат 14.00-де 530-аудиторияда "ТДМ 12: Жауапты тұтыну және өндіріс" аясында "Биотехнология" мамандығының 1-4 курс профессорлары мен студенттерінің ұйымдастыруымен "ТДМ 12: Жауапты өндіріс және тұтыну. Ауыл шаруашылығындағы органикалық егіншілік" тақырыбында іс-шара өтті.
Ұйымдастырушылар: Биотехнология кафедрасының профессорлары Атабаева С.Д., Асрандина С.Ш., Шоинбекова С.А., Кенжебаева С.С. және «6В070103-Биотехнология» мамандығының 1,4 курс студенттері.
Іс-шараның мақсаты: Студенттерге ТДМ 12-ге қол жеткізуге өз үлесін қосудағы биотехнологтардың орнын, Қазақстанда органикалық өнім алу бағытын дамыту үшін ауыл шаруашылығындағы органикалық егіншілік қағидаттарын зерделеу арқылы "жауапты өндіріс пен тұтынуды түсіндіру.
Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету барлық елдер үшін, сондай-ақ Қазақстанның ішкі нарығы үшін маңызды міндет болып табылады. Ұтымды тұтыну және өндіріс үшін Қазақстанда органикалық өндірісті дамыту басым бағыт болып табылады. Органикалық өндіріс, ең алдымен, қалдықсыз өндірісті қамтиды. Ол экологиялық процестерге, биологиялық әртүрлілікке және жергілікті жағдайларға бейімделген циклдерге сүйенеді, қалпына келмейтін ресурстарды пайдаланбайды. Органикалық ауыл шаруашылығы болашақта зардап шеккен нысандар мен бүкіл планетаның денсаулығын қалпына келтіруге және сақтауға бағытталған.