«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» сайысы
ТДМ мақсаттарын (Денсаулық пен әл-ауқат) жүзеге асыру үшін –Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының 3 курс студенттері доцент Н.С.Бергеневаның және топ кураторларының жетекшілігімен 1-2 курс студенттері арасында шығармашылық және интеллектуалдық сайыс өткізді.
Сайыстың ЮНЕСКО-ның әлемдегі мәдениеттердің бірлігі мен өзара түсіністікті нығайту мақсатындағы қызметіне арнап ұйымдастырылған.
Бұл іс-шара ЮНЕСКО диалогының негізгі принциптерінің күшін және білім, ғылым және мәдениеттер арасындағы үйлесімділікті көрсетуге арналған. Адамдар бір ұлт, бір халық болып, өз құндылықтарын басқа мәдениеттермен бөлісіп, болашақ ұрпаққа жақсы мұра қалдыру үшін барын салуы керек.
Шара мәдениет пен өнер арқылы түрлі халықтардың ортақ тіл табу мүмкіндігін көрсетеді, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Өткізілген шараның негізгі идеясы – әлемдік мұраны сақтап, адамзаттың бейбіт өмір сүруіне арналған.