Саммиттердің халықаралық қатынастардағы рөлі

8 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 22 қарашасында Халықаралық қатынастар факультетінің 2-курс қазақ бөлімі студенттері арасында «Саммиттердің халықаралық қатынастардағы рөлі» тақырыбында пікірталас өтті. Шараның мақсаты – студенттердің жаһандық мәселелерді талдау қабілеттерін дамыту болды.

Жақтаушылар саммиттердің халықаралық ынтымақтастықты нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті. Олар G20 және БҰҰ Бас Ассамблеясы сияқты саммиттердің жаһандық мәселелерді шешудегі маңызын ерекше атап өтті. Қарсыластар тобы саммиттердің тиімсіздігі мен формалдылығын сынға алып, оның орнына аймақтық ынтымақтастықты дамытуды ұсынды.

Талқылау мазмұнды әрі қызықты өтті. Студенттер өзара пікір алмасып, саммиттердің халықаралық қатынастардағы артықшылықтары мен кемшіліктерін талқылады. Шара болашақ мамандардың ой-өрісін кеңейтіп, кәсіби қабілеттерін дамытуға ықпал етті. топ оқытушысы ф.ғ.к., доцент Смагулова А.С.