«Көмек» ұйымының берері көп
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті- жас талаптарды армандарымен қауыштырған білім мен ғылымның қасиетті ордасы. Университетімізде студенттердің жан-жақты дамуына барлық қолайлы жағдай жасалған. «Айналаңды нұрландыр», «ҚазҰУ студенті оқуға тиіс 100 кітап», «Салауатты дене мәдениеті», «Green campus» жобалары арқылы студенттік өзін-өзі басқару ұйымдары студенттердің бойына барынша патриоттық сезімді сіңіртеді.
Осындай ұйымдардың бірі – «Көмек» ұйымы. Біздің «Көмек» қоғамдық қорының еріктілері – өзін-өзі дамытумен қатар, өзгелердің дамуына, артта еріп келе жатқан тағдыр сынына ұшыраған іні-қарындастарымыздың қоғамға бейімделіп, өмір сүруге деген, өзгелерге қолұшын созуға деген ынты-ықыластарының артуына мейлінше көмек көрсетеді. Олар қоғамға жақсылық жасауды өздерінен бастайды. Өзгелерге жақсылық жасау арқылы жандары нұрға бөленеді. Ал осындай жастары бар біздің елдің әрдайым бүгіні баянды, болашағы жарқын, атар таңы арайлы болмақ.
Аягүл КАРЕЛОВА, ҚазҰУ-дің механика-математика факультетінің 1-курс студенті.