
«Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Басқарма мүшесі – тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс жариялайды. Конкурсты өткізу күні мен жері қосымша хабарланады. Құжаттар белгіленген уақытта мына мекенжайда қабылданады: 050040, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғ., 71, Ректорат ғимараты, каб. 13-09, телефон: +7 701-801-86-88
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ қызметінің мақсаты сапалы білім алуға, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаның қалыптасуы, дамуы мен кәсіби қалыптасуына бағытталған оқыту және сабақ беруге қажетті жағдайлар жасау, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірленімдерді коммерцияландыру болып табылады.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуы;
2) білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшы лауазымдарда кемінде бес жыл жұмыс өтілінің болуы.
Конкурсқа қатыса алмайтын тұлғалар:
1) жиырма бес жасқа толмағандар;
2) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағандар;
3) өтелмеген немесе алып тасталмаған соттылығы барлар;
4) арнайы медициналық мекемелерде есепте тұратындар;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да жағдайлар.
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар келесі құжаттарды ұсынады:
1) Бекітілген үлгідегі өтініш;
2) Конкурсқа қатысушының жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;
3) Конкурсқа қатысушының бекітілген үлгідегі 3х4 мөлшердегі түрлі-түсті суретімен қоса, қызмет тізімі;
4) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
– шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, шетелдік білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының азаматтары алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі, сондай-ақ өзара тану және эквиваленттілік туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына енетіндер;
– «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі;
– өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (Келісімнің) қолданысына жататын білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген осы білім туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5) жұмыс орны бойынша (қазіргі немесе соңғы) кадрлық қызмет куәландырған еңбек жолын растайтын құжаттың көшірмесі;
6) Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2020 жылғы 4 қарашада №21579 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттамасының нысандарына сәйкес, №075/е нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіптік-консультациялық қорытынды);) құжаттарды ұсынған күннен бастап алты айдан аспайтын мерзімде берілген;
7) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде психоневрологиялық ұйымнан берілген анықтама;
8) мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес, құжаттарды ұсынған күнге дейін бір жыл ішінде наркологиялық ұйымнан берілген анықтама;
9) қылмыстық заңнамаға сәйкес, қызметке орналасуға тыйым салынбағанын растайтын құжат.
Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтардың берілуі туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.
Конкурсқа қатысуға құжаттар қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 (жиырма) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі (2024 жылғы 6 желтоқсаннан 25 желтоқсанға дейін (қоса алғанда) қабылданады).
Басқарма мүшесі – тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректорының функционалдық қызметтері:
- Университеттің Даму стратегиясына сәйкес, тәрбие және әлеуметтік қызметті, қоғаммен байланыс саласындағы жұмысты стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыруды жүзеге асырады.
- Студенттік ынтымақтастықты және студенттік жобалар мен бастамаларды ілгерілетіп дамытуды үйлестіреді.
- Университеттің өзін-өзі басқару ұйымдарымен өзара тиімді қарым-қатынас орнығуын дамытады.
- Жатақханаларға орналасу және орынды белгілеудің ашықтылығы мен есептілігін қамтамасыз етеді.
- Табысы төмен және/немесе мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды және жетім балаларға қолдау көрсетудегі университет саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
- Университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, этиканы сақтау қызметін үйлестіреді және комплаенс қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді.
Басқа жаңалықтар

