Нұртазин Рим- ҚазҰУ және РУДН университеті серіктес «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша, қос дипломдық білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін «Бәйтерек» холдингінің халықаралық ынтымақтастық департаментінде тағылымдамадан өтуде.

10 желтоқсан, 2024

Римнің бұл бағдарламаға түсудегі негізгі мотивациясы өзінің кәсіби деңгейін көтеруге, беделді жұмысқа орналасуға ұмтылу, сонымен қатар күрделі және қызықты мәселелерді оқуға деген ұмтылыс болды. Жеке өсуге, өзін-өзі бағалауға және өзін-өзі жүзеге асыруға ұмтылу да маңызды факторға айналды.

Рим халықаралық қатынастардағы ойын теориясы пәніне ерекше қызығушылық танытты, ол арқылы талдаудың жаңа дағдыларын меңгерді, халықаралық қатынастарды зерттеуге арналған модельдер мен кестелерді құрады. Рим өзінің болашақ мансабы үшін аналитикалық дағдыларды дамытуды қарастырады. Оқу барысында ол ағылшын тілін де айтарлықтай жетілдірді, ой-өрісін кеңейтіп, аналитикалық қабілеттерін дамытты.

Жоғары кәсіби білім алу және мансапта биіктерге жету үшін қос диплом қажет.

Рим,  университетте  серіктес университеттермен белсенді түрде ынтымақтасуды және студенттерді үздіксіз білім алу мүмкіндіктері туралы хабардар етуді ұсынады.

Студенттер мен магистранттарға қос  дипломдық білім беру бағдарламасына түсуге кеңес береді.

Басқа жаңалықтар