2024 жылдың 7 желтоқсанында Тұрақты даму мақсаттары концепциясының 4-бөлімі Сапалы білім бағытына орай, «Табиғи-техногендік қауіп-қатерлер» мамандығының 1 курс студенттерімен «Сессияны үлгеру құпиялары» атты эдвайзерлік сағат өткізілді.
Кураторлық сабақтың мақсаты: сапалы білімді меңгерген білікті мамандар тәрбиелеу мақсатында студенттердің сабаққа қатысуы және үлгерімін назарда ұстау.
Университетіміздің басты стратегиясы - білімге құштар, болашағымыздың негізін құрайтын дарынды жастарға қолдау көрсетіп, терең білім беріп, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау. Осы мақсатта студенттердің семестр бойы сапалы білім алуын қамтамасыз етумен қатар, емтихан сессиясын жоғары деңгейде тапсыруы үшін, қорытынды емтихан платормалары мен формаларын талдап түсіндірілді.
Студенттердің сапалы білім алуы –өзекті мәселе. Себебі, еліміздің дамуы, өсіп-өркендеуі, жастардың өзі таңдаған мамандығына деген ынтасы, алған біліміне байланысты болғандықтан, бұл мәселеге ерекше көңіл бөлген жөн.