- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әлемдік экономика мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен “ Теңге-Тәуелсіздіктің нышаны” атты іс-шара өткізілді
Әлемдік экономика мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен “ Теңге-Тәуелсіздіктің нышаны” атты іс-шара өткізілді
Әл-Фараби атындағы ҚҰУ халықаралық қатынастар факультетінде, ҚР Ұлттық валюта күніне байланысты экономика ғылымдарының докторы Абиева С.Н. ұйымдастыруымен 13.11.2024 сағат 10:00, Әлемдік экономика мамандығының 4 курс студенттерінің қатысуымен “ Теңге-Тәуелсіздіктің нышаны” атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты- Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы, теңгенің тәуелсіздік символы ретіндегі маңыздылығын арттыру, оны тарихи және мәдени құндылықтармен байланыстырып студенттерге насихаттау. Студенттер мен қатысушылар ұлттық валютамыздың тарихын оның тәуелсіздік символы ретіндегі маңызын және еліміздің экономикалық дамуына қосқан үлесін атап өтті. Қатысушылар арасында осы тақырып аясында құрастырылған ойындар ойнатылып, викториналық сұрақтар қойылды, осы мәселе бойынша өз білімдерін сынады және жаңа ақпараттар алды.