- Басты бет
- Жаңалықтар
- Кедейлікті, теңсіздікті және экологиялық залалды азайтудағы мәдениет пен діннің рөлі
Кедейлікті, теңсіздікті және экологиялық залалды азайтудағы мәдениет пен діннің рөлі
10.12.2024 ж Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, философия және саясаттану факультетінің ғимараты, №123 мәжіліс залында Әлемдiк тұрақты даму мақсаттары аясында «Кедейлікті, теңсіздікті және экологиялық залалды азайтудағы мәдениет пен діннің рөлі» тақырыбында Раиса Сайран Қадыр ханыммен кездесу өтті. Ол Steppe & World Publishing баспасы мен «Алғаят» әдеби агенттігінің негізін қалаушы және директоры болып келеді. Ұйымдастырушылар дінтану, исламтану, мәдениеттану білім бағдарламаларының 2-курс докторанттары болып табылады. Қазақстан қоғамындағы кедейлік, әлеуметтік теңсіздік, экологиялық залал мәселелерімен күресудің тың жолдары, жарқын идеялар айтылды, планшеттерге жазылды! Іс – шараға қатысқан студенттерге алғыс хаттар тапсырылды. Қонағымыз біздің кафедраға арнайы өзінің баспасынан сыйлыққа кітаптарын сыйға тартты. Бұл біз үшін ерекше құрмет пен сыйластықтың белгісі!
Сонымен қатар іс-шара барысында кейс әдісімен өткізілген тақырыпқа студенттер мен 1 курс докторанттары ерекше ал салысты. Әр тарап өзінің ұсыныстары мен ойларымен бөлісті. Іс шара барысында қатысушылар мынадай қорытындыға келді: Әр орта, қоғам өзінің мәдени және адами құндылығын сақтап қалу болды. Қазақ болмысындағы мәдени және діни көзқарастарға салыстырмалы анализ жасалды. Алдағы уақытта мұндай идеялар Мәдени саясаттағы идеологияға айналуы ғажап емес!
*Философия және саясаттану факультеті
Дінтану және мәдениеттану кафедрасы