«Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбындағы ашық сабақFarabi University

«Тұрақты даму мақсаттары» тақырыбындағы ашық сабақ

10 желтоқсан, 2024

 

 

Біріккен Ұлттар ұйымының «Тұрақты даму мақсаттары» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 10-желтоқсан күні факультетіміздің Саяси зерттеулер ақпараттық орталығының жетекшісі, профессор Абдигалиева Гүлжан Қанайқызының ұйымдастыруымен шетелдік студенттердің және Философия және саясаттану факультетінің студенттері, магистранттары мен докторанттарының қатысуымен ашық сабақ өтті. Жоба барысында конфликтология мамандығының 2-курс PhD докторанты Нағашбеков Нұржан және саясаттану мамандығының 1-курс магистранты Бейбіт Абдрасил баяндама жасап еліміздегі білім мен қордаланған ауыз-су мәселесіне тоқталып өтті.