- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Рефлексивті зерттеулер: Қазақстанның экономикалық өркендеуіне жол» тақырыбындағы дөңгелек үстел
«Рефлексивті зерттеулер: Қазақстанның экономикалық өркендеуіне жол» тақырыбындағы дөңгелек үстел
Экономика және бизнес Жоғары мектебінде 2024 жылдың 11 желтоқсанында 16:00-де академик Я.Ә.Әубәкіров атындағы мәжіліс залында «Рефлексивті зерттеулер: Қазақстанның экономикалық өркендеуіне жол» тақырыбындағы дөңгелек үстел э.ғ.к., Экономика кафедрасының профессор м.а. Л.А. Бимендиеваныңұйымдастыруымен өткізілді. Дөңгелек үстел Экономика мамандығының 1-курс докторанттарының «Экономикалық өсу модельдері» пәнінің қорытынды сабағы ретінде ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстел отырысына Назарбаев УниверситетініңЖоғары Бизнес мектебінің кәсіпкерлік кафедрасыныңдоценті, Phd Анжан Гош қатысып «Bridging Local Insightswith Global Impact Through Reflexive Research» тақырыбында презентация жасады.
Докторанттар теориялық білім алумен қатар, зерттеу тақырыбының экономикалық өсуге әсерін зерттеу тапсырмасын орындады және дөңгелек үстел отырысында нәтижелерді баяндауға және талқылауға мүмкіндік алды. 1 курс докторанттарының презентацияларын Аннан Гош мырза жоғары бағалады және ізденушілер зерттеу тақырыптары бойынша құнды ұсыныстар алды. Докторанттарға алғашқы зерттеу нәтижелерін ғылыми мақала ретінде жариялау ұсынылды.