Жас қазақ

12 желтоқсан, 2015

Венецияда қазақ тілі мен мәдениетін оқыту орталығы ашылады.

Бұл туралы Әл Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалымқайыр Мұтанов, Италия Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Стефано Раваньян және Ка Фоскари университетінің проректоры Тициана Липпиелло қатысқан жиында белгілі болды.

Тициана Липпиелло Венецияда жаңа орталық ашу идеясын қош көріп, мұндай орталықты ашу екі университет арасындағы жемісті әріптестікті ары қарай дамытуға жасалған нақты қадам екенін атап көрсетті. Сондай-ақ ол болашақта қазақ және италиян қарым-қатынасының мәдени сабақтастығына мұрындық болады деп сенім білдірді.