Шығыстану факультетінің NIS бос орындар жәрмеңкесіне қатысуы
2024 жылғы 8 желтоқсанда Түркітану және Шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушысы Н.Н. Қайранбаева мен кафедра доценті Саваш Шахин ALUMNI NIS қауымдастығы ұйымдастырған бос орындар жәрмеңкесіне белсенді қатысты. Бұл маңызды іс-шара NIS мектептерінің түлектерін, жетекші жұмыс берушілер мен түрлі салалардағы танымал мамандарды бір алаңда тоғыстырды.
Жәрмеңке түлектер үшін ерекше мүмкіндік ұсынды: олар өзекті мамандықтармен танысып, маңызды сұрақтарға жауап алды, сондай-ақ шығыстану, шет тілдер филологиясы, халықаралық қатынастар және басқа да сұранысқа ие салалар туралы көбірек мәлімет алды. Қатысушылар, әсіресе, бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларына түсу мүмкіндіктеріне ерекше қызығушылық танытты.
Іс-шара барысында Н.Н. Қайранбаева шығыстану факультетінің білім беру бағдарламаларын таныстырып, студенттердің Шығыстың тарихы, мәдениеті мен тілдері туралы терең білім алуына мүмкіндік беретін факультеттің пәнаралық тәсіліне ерекше назар аударды.
Н.Н.Кайранбаева
Басқа жаңалықтар

