ТДМ 4 - Сапалы білім - ел болашағы!Farabi University

ТДМ 4 - Сапалы білім - ел болашағы!

5 желтоқсан, 2024

          2024 жылдың 5 желтоқсанында Картография және геоинформатика кафедрасының, геодезия және картография мамандығының 4 курс студенттерімен ТДМ 4 – Сапалы білім беру мақсаты бойынша Сапалы білім - ел болашағы тақырыбында тәрбие сағаты өтті.

          Тәрбие сағатының мақсаты білім алушыларға білімнің ел дамуы үшін маңыздылығын түсіндіре отырып, білім алуға деген ынтасын арттыру, бәсекеге қабілетті тұлға болуға бағыттау.

Сапалы білімнің маңызы:

  • Жеке тұлғаның дамуы: Сапалы білім адамдардың ойлау қабілетін, логикасын, шығармашылығын дамытып, өз әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді.
  • Экономикалық даму: Білімді халық – инновацияны, жаңа технологияларды дамытудың негізі. Қазіргі әлемде жоғары технологиялар мен ғылымды қажет ететін өндірістерді дамыту білімге тікелей байланысты.
  • Әлеуметтік теңдік: Сапалы білім беру арқылы кедейлік деңгейі төмендеп, қоғамдағы теңсіздікті азайтуға болады.
  • Ұлттық қауіпсіздік: Білімді және мәдениетті азаматтар елдің тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

          Сапалы білім – мемлекеттің өркендеуінің негізі. Қазақстан үшін сапалы білім беру саласын дамыту – әлемдік бәсекеге қабілетті ұлт болудың басты шарты. Бұл бағытта әрбір азаматтың, ұстаздың және мемлекеттің бірлескен еңбегі қажет.

          Бүгінгі тәрбие сағатында біз сапалы білімнің қаншалықты маңызды екенін түсіндік. Сіздердің әрқайсыларыңыздың біліміңіз, ынтаңыз, еңбегіңіз арқылы Қазақстан әлемдік аренада беделді елдердің бірі болатынына сенемін. Білім – болашаққа апаратын алтын көпір. Сондықтан оқуға, үйренуге, жаңа жетістіктерге ұмтылайық!