ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ресейлік университеттермен бірге бірнеше наноспутниктер мен бір микроспутник жасақтауда.
Бұл туралы бүгін Астанада ҚР БҒМ алқа отырысында университет ректоры Ғалымқайыр Мұтанов мәлім етті.
«Қазіргі уақытта ҚазҰУ-да студенттік ғылым дамып жатыр. UNIFORM Project xалықаралық консорциумының аясында ресейлік университеттермен бірге бірнеше наноспутниктер мен бір микроспутник жасау және жүзеге асыру жобалары қолға алынды», - дейді ол.
Қазақстандық наноспутниктер университеттің ғылыми паркінде жасалады, кейін ғарышқа ұшырылады деп күтілуде. Ғылыми жобаны іске асыруға университетте барлық ресурстар бар.
Автор: Жасұлан Жолдыбаев
Басқа жаңалықтар
22 қараша, 2024
22 қараша, 2024
21 қараша, 2024