"Тәуелсіздік таңы" атты іс-шара №14 жатақханада өткізілді

12 желтоқсан, 2024

Тәуелсіздік күні — Қазақстан Республикасының тарихындағы ең маңызды мерекелердің бірі. 16 желтоқсан еліміз үшін ерекше мәнге ие, себебі бұл күн Қазақстанның тәуелсіздігін жариялап, жаңа тарихтың басталуына себеп болды. Түріктану және шығыс елдерінің тарихы кафедрасының аға оқытушылары PhD Қуанышбаев Е.А. мен Монтанай Э.А. Тұрақты даму мақсаттары аясында №14 жатақханада Тәуелсіздік күніне арналған іс-шара өткізді. Бұл шара желтоқсан құрбандарын еске алып, жастар арасында ұлттық мақтаныш сезімін арттыруға бағытталды. Іс-шараның басты мақсаты — студенттерге Қазақстанның тәуелсіздігі туралы білім беру, ұлттық құндылықтарды насихаттау және Тәуелсіздікке деген құрметті қалыптастыру болды. Іс-шараның соңында ұйымдастырушылар мен қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, Тәуелсіздік күнінің тарихи маңызын атап өтті. Бұл шара жастардың патриоттық сезімдерін күшейтіп, еліміздің тарихы мен мәдениетіне құрметпен қарауға ықпал етті.

Түріктану және шығыс елдерінің тарихы

 кафедрасының аға оқытушылары

 PhD Қуанышбаев Е.А., Монтанай Э.А