ТДМ «Сапалы білім беру» бағытындағы 4-шы мақсатына сәйкес 2024 жылғы 7 желтоқсанында Экономика және бизнес факультеті «6В04103 - Экономика» және «6В04109 – Цифрлық экономика» мамандығының 4-ші курс студенттерімен Қазақстан тәуелсіздігіне арналған «Егемендік - берік тұғырым» атты ашық кураторлық сағат өтті.
Ашық кураторлық сағат барысында еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихы туралы мағлұмат берілді, тақырыпқа арналған бейнеролик көрсетілді. Сонымен қатар, студенттермен белсенді пікірталас ұйымдастырылып, олар өз ойларын еркін бөлісті. Бұл кураторлық сағат жастардың отансүйгіштік сезімін арттырып, Қазақстанның тәуелсіздігі туралы білімдерін тереңдетуге ықпал етті.
Ашық сабақты өткізген: «6В04103 - Экономика» және «6В04109 – Цифрлық экономика» мамандығы топтарының эдвайзері - PhD, аға оқытушы Г.К.Иляшова.