Студенттер Рowerexpo көрмесінде болды

Алматы қаласында дәстүрлы Powerexpo көрмесі өтті. Халықаралық көрме «Энергетика, электротехника және энергетикалық машина жасау» тақырыбына негізделген.
Powerexpo көрмесін физика-техникалық факультетінің Плазма физикасы, нанотехнология және компьютерлік физика кафедрасының «Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасының студенттері кафедра оқытушылары жетекшілігімен тамашалады.
Powerexpo Алматы көрмесіне 12 елден 186 компания қатысты. Оның ішінде Қазақстан, Австрия, Әзірбайжан, Беларусь, Германия, Италия, Қытай, Ресей, Таиланд, Түркия, Өзбекстан және Чехия бар. Көрмеде ең соңғы заманауи жабдықтар, инновациялық әзірлемелер, соның ішінде жоғары вольтты және төмен вольтты жабдықтар, жарықтандыру жабдықтары, есепке алу, бақылау-өлшеу құралдары, автоматика және энергетика саласына арналған технологиялар ұсынылды.
Көрмеде студенттер соңғы үлгідегі заманауи электр жабдықтарымен және электр энергетикасы саласындағы озық технология жетістіктерімен танысты. Халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесті. Кездесу мен диалог мазмұнды әрі қызықты өтті. Студенттер компания өкілдеріне өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, жауап алды. Сондай-ақ заманауи соңғы үлгідегі электр жабдықтарының ерекшеліктері және артықшылықтарымен танысты. Көрмеде студенттер отандық компаниялардың өнімдеріне ерекше назар аударды. Білім алушы жастар көрмені тамашалау нәтижесінде таңдаған мамандығының болашағы туралы ой түйіндеді.
Шолпан ӘБДИЕВА,
Әсем ӘМРЕНОВА,
ПФН және КФ кафедрасының аға оқытушылары
Басқа жаңалықтар

