Профессор атағы – көпжылдық еңбектің нәтижесі!
14 желтоқсан, 2024
«Киберқауіпсіздік және криптология» кафедрасының меңгерушісі Мусиралиева Шынар Жеңісбекқызының компьютерлік ғылымдар мен информатика профессоры ғылыми атағын алғанын қуанышпен хабарлаймыз!
Құрметті Шынар Жеңісбекқызы!
Сізді профессор атағыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жоғары атақ – ғылымды, білім беруді дамытуға және болашақ көшбасшыларды дайындауға қосқан зор үлесіңіздің лайықты мойындалуы. Бұл жетістік Сізді жаңа жобаларға шабыттандырып, кафедраның беделін нығайтып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп сенеміз.
Сізге зор денсаулық, сарқылмас күш-қуат және ғылыми әрі кәсіби қызметте тамаша табыстар тілейміз!
Құрметпен,
Киберқауіпсіздік және криптология кафедрасының ұжымы
Басқа жаңалықтар
5 қаңтар, 2025
5 қаңтар, 2025
5 қаңтар, 2025