Жарқын жанмен болған жылы жүздесу
Кездесудегі басты мақсат «Мәнгілік елдің мәңгілік құндылықтарын» жастарға дәріптеу, салт-дәстүрімізді жоғалтпай, оны ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыруға ықпал ету, рухани байлықпен сусындап, дәстүр сабақтастығының сырын саралау.
Кеш шымылдығын ашу үшін сөз факультет деканы Жұмаділ Арман Қабдешұлына және дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қалқаман Тұрсынұлына берілді. Кеш студенттердің әсем әні мен күмбірлеген күйімен жалғасын тапты. Жаны жайсаң, бойынан нағыз қазақ ер азаматына тән түрлі қасиеттер табылған Ақан аға өнер жайлы, өзі жайлы, өнер әлеміне қалай келгені жайлы, осынау қазақ дәстүрлі өнерінің бүгіні мен ертеңі, өткені жайлы сөз қозғады, жастарға ақыл-кеңесін аямады. Кездесуге 1-3 курстың студенттері қатысты.