«Мейірім» оңалту орталығында шеберлік сағаты өтті

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың заң факультетінің студенттері «Мейірім» оңалту орталығына барып, қайта өңделген пластиктен жаңажылдық ойыншықтар жасау бойынша балаларға шеберлік сағатын ұйымдастырды.
Жоба университеттің @ecohub_kz қолдауымен ТДМ-ның 3-бағыты – «Жақсы денсаулық және әл-ауқат» тақырыбын іске асыру шеңберінде өткізілді.
Заң факультетінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының студенттері оқытушы С.Дархановтың жетекшілігімен балаларға қайта өңделген пластиктен бірегей жаңа жылға арналған ойыншықтар жасауды үйрете отырып, ойын-сауық шарасын өткізді.
Бұл маңызды жоба студенттердің, балалардың және тәрбиешілердің күш-жігерін біріктіріп, шығармашылық, инклюзия және экологияға қамқорлық жасау арқылы әлемді жақсы жаққа өзгерте алатынын дәлелдеді.
Әр қатысушы жасаған өнімі арқылы ойы мен жан дүниесінің бір бөлігін көрсете білді. Нәтижесінде балалар әдемі ойыншықтарды ғана емес, шынайы қарым-қатынас пен өзара қолдау көріп, жаңа білім алды.
Дене және менталды даму ерекшеліктері бар балаларға арналған «Мейірім» оңалту орталығы – Қазақстанда 3 жастан 15 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді жан-жақты дамыту, әлеуметтендіру және оқыту үшін барлық қажетті жағдай жасалған алғашқы мемлекеттік емес ұйымдардың бірі. Орталық ашылғаннан бері 1000-нан астам бала коррекциялық-педагогикалық қолдау және медициналық-әлеуметтік оңалтудан өтті.
«Мейірім» оңалту орталығының қызметкерлері мен балалары ұйымдастырушыларға және жобаға қосылғандарды, тамаша бастаманы қолдағандардың барлығына алғыстарын білдірді.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

