- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биология және биотехнология факультетінің «Биомедицина» мамандығының магистранттарынның ғылыми тағылымдамасы
Биология және биотехнология факультетінің «Биомедицина» мамандығының магистранттарынның ғылыми тағылымдамасы

Құрметті Шэньчжэнь университетінің, Медицина мектебінің өкілдері!
Бүкіл тобымыздың атынан сіздерге жылы қабылдау және жоғары деңгейде ұйымдастырылған ғылыми тағылымдама үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Екі апта бойы біз биомедицина әлеміне терең бойлап, озық технологиялармен танысып, сіздердің заманауи зертханаларыңызда болдық. Бұл бізге ұмытылмас әсер қалдырды.
Сіздердің университеттеріңіз жоғары кәсібилік, ғылыми біліктілік және инновацияларға деген адалдықты көрсетті. Сіздің ашықтығыңыз, білім мен тәжірибемен бөлісуге деген дайындығыңыз, сондай-ақ дәстүрлер мен қазіргі ғылыми тәсілдердің үйлесімділігі бізді шабыттандырды.
Бұл тағылымдама біз үшін жаңа білім мен тәжірибе ғана емес, ғылымда одан әрі өсуге деген ынта болды. Сіздердің қолдауларыңызды және осындай үздік мамандармен жұмыс істеу мүмкіндігін жоғары бағалаймыз.
Еңбектеріңіз, қонақжайлылығыңыз және біздің кәсіби болашағымызға қосқан үлестеріңіз үшін алғысымыз шексіз. Екі ел арасындағы ғылыми байланыстарды нығайтуға бағытталған ынтымақтастығымыз жалғасады деп үміттенеміз.
Ізгі ниетпен,
Тағылымдамаға қатысушылар!
Куратор-эдвайзер: Умбетьярова Л.Б.
Басқа жаңалықтар


