"Тұрақты даму мақсаттары" жобасы аясында "Сапалы білім" тармағы бойынша профессор Надирова Г. Е.-мен шығыстанудың болашағы және араб елдерімен байланыстарды дамыту туралы кездесу өтті

11 желтоқсан, 2024

2024 жылдың 11 желтоқсанда Шығыстану факультетінің Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасында “Тұрақты даму мақсаттары” жобасының аясында “Сапалы білім беру” бағытында  Факультеттің ардагер ұстазы, филол.ғ.д., профессор Надирова Гулнара Ермұратқызымен  кездесу өткізілді.

Кездесуге «Шығыстану» мамандығының 4 курс студенттері және эдвайзері Жұмажанова Фарида Тоқанқызы қатысты. Кездесу барысында профессор Надирова Г.Е. Шығыстану мамандығының Қазақстандағы болашағы туралы, Қазақ ұлттық университеті түлектерінің Шығыстану саласын дамытудағы рөліне тоқталып, сонымен қатар араб елдерімен экономикалық және мәдени салалардағы байланыс пен қарым-қатынасты дамытудың жолдарын атап өтті. Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.