2015 жылддың 10 желтоқсан шығыстану факультетінің 1 және 2 курс магистранттары топ жетекшісі А.Ә.Кенжебаеваның бастауымен «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Алматы қаласындағы Мамыр-7 ықшамауданында орналасқан « Ардагерлер» үйінде болып қайтты. Қарттармен әңгіме дүкен құрып, олардың күнделікті өмірімен, тыныс-тіршілігімен жан-жақты танысты. Магистранттар ардагерлерге өз өнерлерін көрсетіп, тәнті етті. Әсіресе 1 курс магистранты Қайсар Қауменнің қазақтың ұлттық әндерін орындап, алуан күйлерді шерткен өнеріне қариялар дән риза болысты. Сонымен қоса қытайша ән салған Байдаулетова Назира, Ушурова Шырын, Есболат Таңнұр, Балтабекова Даналардың өнеріне тәнті болған қариялар ақ баталарын беріп, тебіреніп қалды. Осындай адам жүрегіне ізгілік пен мейірімділік дәнін себетін,тәрбиелік мәні терең іс-шаралар кафедрамызда әлі де үзбей жалғаса бермекші.