Оқу инфрақұрылымын жаңарту жалғасуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде оқу инфрақұрылымын жаңғырту бойынша ауқымды бағдарлама жалғасуда. Жоба аясында 16 факультеттің оқу ғимараттары жаңартылды, онда жайлылық пен функционалдылықтың барлық талаптарына жауап беретін заманауи жиһаз орнатылуда.
Бұл қадам білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал ете отырып, студенттер мен оқытушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Бүгінгі таңда тарих, филология, журналистика, география және табиғатты пайдалану, биология және биотехнология, химия және химиялық технология, физика-техникалық, заң, шығыстану, халықаралық қатынастар, медицина және денсаулық сақтау, экономика және бизнес жоғары мектебі, жоғары оқу орнына дейінгі білім беру, механика-математика, философия және саясаттану факультеттеріне 120 жаңа кітап сөресі мен 100 жаңа парта берілді.
Барлық жиһаз өнімдері университеттің өндірістік цехында жасалады. Жиһаздардың дизайны заманауи талаптар мен стандарттарға сәйкес келеді. Сондай-ақ жақын арада бірқатар аудиториялар жаңа компьютерлік үстелдермен жабдықталады. Бұл өзгерістер ҚазҰУ-дың оқу үдерісі үшін сапаны үнемі жақсартуға деген ұмтылысын көрсетеді.
Жалпы, жоспар бойынша оқу аудиторияларында 600 парта, 450 кітап сөресі және оқытушыларға арналған 250 үстел орнатылады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі