Аудармашы және тіл тазалығы мәселелері
Жақында филология және әлем тілдері факультетіндегі «Tarzhuman club» жас аудармашылар клубында «Аудармашы және тіл тазалығы мәселелері» атты дөңгелек үстел өтті.
Көрнекті жазушы Ғ.Мүсреповтің ана тілі туралы мақалаларындағы тіл тазалығы туралы ой-пікірлерге сүйене отырып, өз ойларын ортаға салды. «Аударма ісі» мамандығының 3-курс студенттері Н.Қызылбек, Ә. Құрметқызы, А.Талдыбаева қазіргі жастардың сөйлеу тіліндегі кемшіліктер жөнінде ортаға ой тастап, жаргондарға нақты мысалдар келтіріп өтті. Дөңгелек үстелге шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының оқытушылары М.Жаңабекова, С.Сейденова, Ә.Жапарова қатысты.
«Tarzhuman club» ғылыми жетекшісі, доцент Л.Мұсалы тіл тазалығы мәселесі ешқашан маңызын жоймайтын өзекті мәселе, оны сақтау жастардың өз қолында екендігін атап айтты.