Факультетіміздің жетекші тұлғалары марапатталды
Құрметті әріптестер мен білім саласының жанашырлары!
Бүгін Жоғарғы оқу орнына дейінгі білім беру факультеті үшін аса маңызды әрі қуанышты күн. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің БасқармаТөрағасы-Ректор, филология ғылымдарының докторы Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың бастамасымен факультетіміздің жетекші тұлғалары лайықты марапаттарға ие болды.
«Білім беру ісінің құрметті қызметкері» атағымен факультет деканы, заң ғылымдарының кандидаты Сартаев Спатай Алтынбекович марапатталды,сонымен қатар «Еңбек ардагері» медалімен филол.ғ.кандидаты Тастемирова Гүлшара Асылбекқызы мен Дүйсенбаева Райхан Исатайқызы марапатталып отыр. Бұл құрметтер – олардың білім беру саласына қосқан орасан зор үлесінің, адал еңбегі мен кәсіби шеберлігінің айқын дәлелі.
Салтанатты жиын барысында Қазақстан Республикасының оқу-ағарту бірінші вице-министрі Жумадильдаева Наталья Васильевна оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың құттықтау сөзін жеткізді. Министр өз құттықтауында университетіміздің 90-жылдық мерейтойына ерекше тоқталып, оның білім беру мен ғылымдағы зор рөлін атап өтті. Сонымен қатар, еліміздің рухани мұрасына үлес қосқан ұлы түлектеріміз – Зейнолла Қабдолов, Әзілхан Нұршайықов, Тұманбай Молдағалиев және тағы басқа көрнекті тұлғалардың есімдері аталып өтті.
Бұл марапаттар тек марапат иелерінің ғана емес, барша факультетіміздің жетістігі деп білеміз. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен кәсібиліктеріңіз – жастарымыздың жарқын болашағына апарар жолдағы шамшырақ іспеттес.
Сартаев Спатай Алтынбекович, Тастемирова Гүлшара Асылбекқызы, Дүйсенбаева Райхан Исатаевна, сіздерді шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және білім саласында әлі де көптеген биіктерге жете берулеріңізді тілейміз!