СБПУ басшылығы филиал жұмысымен танысты

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Жансейіт Түймебаев білім ордасына жұмыс сапарымен келген Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің делегация құрамымен кездесті.
Екі университет арасында ұзақ мерзімді байланыс пен өзара тиімді ынтымақтастық бар. Бүгінде ҚазҰУ базасында СБПУ филиалы табысты жұмыс істеп келеді. Онда студенттер материалтану және инженерия, электроника және коммуникациялық технологиялар, компьютерлік ғылым және технология сынды білім беру бағдарламалары бойынша тәлім алуды. Оқуды тәмәмдаған түлектер қос университеттің дипломын иеленеді. Сонымен қатар, университетте СБПУ бірлескен «5G/5.5G коммуникациялық технологиялар» зертханасы құрылған. Жаңа орталық Қазақстандағы телекоммуникация саласын жаңа технологияларға қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Тараптар филиал жұмысын саралап, алдағы жоспарларды пысықтады.
Университет басшылығымен кездесуден кейін делегация мүшелері физика-техникалық факультеті мен ҚазҰУ базасында СБПУ филиалында болып, сонда білім алып жатқан студенттермен және магистранттармен кездесті.
Іс-шараға физика-техникалық факультетінің деканы Нұрзада Бейсен, Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің вице-президенті Юэ Сяокуэй, СБПУ профессоры, халықаралық ынтымақтастық басқармасының директоры Кун Цзе, халықаралық мектептер басқармасы директорының орынбасары Ли Цивэй және басқалар қатысты.
Солтүстік-батыс политехникалық университетінің вице-президенті Юэ Сяохуэй студенттерді білім ордасының 90 жылдығымен, семестрдің аяқталуы және келе жатқан жаңа жылмен құттықтады. Ол өз сөзінде жоғары білікті және сұранысқа ие мамандарды дайындайтын СБПУ филиалының табысты қызметін атап өтті. «5G/5.5G коммуникациялық технологиялар» зертханасының ғалымдары бірлескен ғылыми-зерттеу жобалары бойынша жұмыс істеуде. Сондай-ақ ол бірлескен жобалар аясындағы ынтымақтастық тек нығая түсетініне және жемісті нәтиже беретініне сенім білдірді.
Кездесу барысында студенттер СБПУ делегация мүшелері мен оқытушыларына өздерін қызықтырған сұрақ қойып, өзара пікір алмасты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар

