ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!Farabi University

ЖАҢА ЖЫЛ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

31 желтоқсан, 2024

Құрметті Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушылары мен қызметкерлері,

білім алушы жастар!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 2024 жылды ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қаринның қатысуымен өткен 90 жылдық мерейтойлық жиынмен  қорытындылады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ұжымға арнаған құттықтауында: «Қасиетті қара шаңырақ ғасырға жуық уақыт ішінде іргелі білім ордасына айналды. Білікті мамандар ұстаханасы ретінде өзінің бірегей дәстүрін қалыптастырды. Өскелең ұрпақты білім, ғылымға баулып, олардың бойына адал азаматқа тән қасиеттерді сіңіру жолында еңбек етіп жүрген университет ұжымына шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер алдағы уақытта да осы миссияны абыроймен атқарасыздар деп сенемін», – деп атап өтті.

Президент жарлығымен 40-тан астам оқытушы-профессорлар құрамы мемлекеттік наградаға, 100-ге жуық қызметкер түрлі ведомстволық марапатқа ие болды. Бес ғалымға пәтер кілті табысталды.

Жоғары деңгейдегі сый-құрметке бөленген ҚазҰУ ұжымы осы сенімді ақтап, Жаңа жылда жаңа жетістіктерге ұмтылары сөзсіз. Ары қарай да университет білімі мен ғылымын нығайтып,  береке-бірлікте еңбек етеді деп ойлаймын. Сіздерге зор денсаулық,  қажымас қайрат, мол табыс тілеймін.     

          Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің

          Басқарма Төрағасы – Ректоры Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ