Сапалы білім.Farabi University

Сапалы білім.

4 қаңтар, 2025

Шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасының оқытушылары 3 қаңтар 2025 жылы ел Президенті Қ. Тоқаевтің «Ана тілі» газетіне  берген сұқбатын оқып, өз пікірлерін білдірді.

3 қаңтар күні  еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Ана тілі» газетінде сұқбат берді. Ел басшысы бұдан бұрын да бірнеше рет  еліміздің беделді басылымдарында  сұқбат берген болатын. Президент бұл сұқбатында өткен жылға қорытынды жасап, ел экономикасы, халықтың әлеуметтік жағдайы, елдегі заң саласына қатысты өзгерістерге жан-жақты тоқталып, еліміздегі түйткілді мәселелерінің түйінін шешуге қатысты жоспарларына тоқталып өтті.  Журналист тарапынан өткен жылды қорытындылауға қатысты сұраққа Президент елімізде 2024 жылы ауыз толтырып айтарлықтай  біршама жұмыстар атқарылғанын атап өтті. Мәселен,  елдегі инженерлік-коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жұмстары, 18 миллион жаңа тұрғын үйді пайдалануға беру, 7 шақырым автокөлік жолын салу, тау-кен, мұнай салаларында жаңа жобаларды іске асыру сынды нәтижелі жұмыстарды  және астық жинау саласында да едәуір жетістіктер бар екеніне тоқталды.

Сондай-ақ еліміздің әлеуметтік мемлекет екенін басып айтып, ұлттық қордан балаларға қаржы бөліну, әлеуметтік спортқа басымлық беру  де өткен жылдың еншісіне тиген елеулі жаңалық екенін айтты.

Журналист тарапынан Президентке  өткен жылға қатысты елімізде болған келеңсіз жайттарға қатысты сұрақтар да қойылды.  Президент өткен жылы тек жақсылықтар емес, атап айтқанда су тасқыны еліміз үшін үлкен сынақ болғаны, алайда елге табиғат тарапынан төнген мұндай қауіпке дайын болуымыз керек екенін, бос дабырамен мәселе шешілмейтінін меңзеді. 

Сондай-ақ елдегі қылмыстық істерге қатысты бірнеше жаңа заң қабылданғаны

туралы да айтып өтті. Қаңтар оқиғасына қатысты да сұрақтың басы ашық қалмады. Үш жыл бұрын орын алған қанды қаңтар оқиғасына қатысты тергеулердің әділ өтуіне қатысты құқық сала қызметкерлеріне өз тарапынан пәрмен бергендігін атап өтті.

          Ел Президентінің сұқбатта еліміздегі ғылым саласына қатысты айтқан пікірі көңілге жылу сыйлады. Елімізде ғылым саласына қатысты өткен жылы көптеген жақсы жаңалықтар болды. Соның ең бастысы ғылымға көңіл бөлу ғылымды қаржыландыру жалғасын табатын болды